16 қазанда KEGOC SPO-ның екінші кезеңі басталды. Елдің жетекші энергетикалық компаниясы акцияларын қайталама орналастыруға қатысу үшін инвесторлардан өтінім қабылдауды бастады. Ол 2 қарашаға дейін жалғасады.
Брокерлер өтінімді, банктер мен Tabys қосымшалары, сондай-ақ «Қазпошта»АҚ бөлімшелері арқылы беруге болады.
Бірінші кезең – 17 және одан да көп KEGOC акцияларына иелік ететін акционерлер үшін акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру кезеңі 28 қыркүйекте басталды және 30 күнге (27 қазанды қоса алғанда) дейін созылады. Мұндай акционерлер брокерлер арқылы немесе тікелей KEGOC-қа жүгіну арқылы өтініш бере алады.
SPO KEGOC Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспары шеңберінде экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен...