Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 80%-ы мас күйінде жасалады. Бұл жайлы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.
19 мамырдан бастап Қылмыстық кодекске өзгерістер заңды күшіне енді. Содан бері елімізде тұрмыстық жаңжал шығарушыларға қатысты 51 мың әкімшілік хаттамалар жасақталған.
«Заңнама нәтиже беріп, соңғы үш айда жазаға тартылған тұрмыстық жаңжалқойлардың саны 6,4 мыңнан 27 мыңға дейін 4 есе өсті. Егер ағымдағы жылдың екінші тоқсанында осындай 7 мың адам жауапкершілікке тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мың адамды құрады. Тиісінше, қамауға алынғандар саны 2 есе өсті», деді министрлік өкілі.
Лепеха тұрмыстық қылмысты алғаш...