Жыл соңына дейін Испаниядағы жұмысыздар саны 3 млн асатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, елдегі жұмыссыздық деңгейі еңбекке қабілетті азаматтардың 16% құраған. Екі қолға бір күрек таппай жүрген жастардың саны да 32% асқан. Бұған еңбек заңнамасының өзгеруі де ықпал еткен.
Испаниядағы жұмыссыздық бір жылдан бері өсіп келеді, ковид шектлеулері толығымен алынса да ахуал түзелер емес. Бұл жағдайды жұмыспен қамту бойынша компаниялардың қауымдастығы да зерттеген екен. Оған сәйкес, елдегі көрсеткіш 2013 жылғы қаржы дағдарысындағы ахуалмен бірдей. Жыл соңына дейін Испаниядағы екі қолға бір күрек таппай жүргендердің саны 3 млн адамнан асады деген болжам бар. Оны...