Коллаж: kursiv.media
Назар аударуды, құр назар салып өте шықпай, жанашыр ықыласпен қолдау көрсетуді талап ететін бір сала болса, ол – мұнай-сервис саласы. Қазір бұл салада қордаланған бірнеше түйткіл бар. Соның бірі – қаржыландыру жайы, екіншісі – маман тапшылығы. Мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықовтың айтуынша, мұнайға қызмет көрсету саласы – өте күрделі сала. Тіс шұқығышпен қамтамасыз етуден бастап қиғаштап бұрғылауға дейінгі аралықта қым-қиғаш шаруа бар.
«Мұндағы тасымалдау, бұрғылау, жобалау, құрылыс жүргізу, басқа да қаншама саланың бәрі-бәрі айырықша назарды қажет етеді. Тиісінше, әр саланың дамуына кедергісін тигізіп отырған үш-төрт мәселе бар. Соның бірі – ірі операторлардан...