Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі 2023-2024 оқу жылындағы бірінші тоқсаннан кейінгі оқушылардың күзгі каникулы қанша күнге созылатыны және демалыс уақытында ұсынылатын іс-шаралар туралы ақпарат жариялады.
«Күзгі демалыс 2023 жылдың 30-қазаны мен 5-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады», делінген ақпаратта.
Министрлік демалыс уақытында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар ұсыну арқылы мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізуі мен жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етуді көздер отыр.
Іс-шаралар жоспары қандай:
– жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру...