Былтыр Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп, жаңа рекордтық – 1,5 млрд долларға жеткен. Бұл жайлы ҚР-ның Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гынмен кездесуі барысында айтылды.
Екі тарап инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Премьер-Министр былтыр екі жақты тауар айналымы 2,3 есе өсіп, $6,1 млрд-тан асқанын, ал биылғы жылдың 8 айында тағы 11%-ға өскенін айтты.
Сондай-ақ үкімет басшысы Оңтүстік Корея еліміздің экономикасындағы ірі инвесторлардың топ-10-дығының қатарында тұрғанын атап өтті. Бұл елден, соңғы 18 жылда 9,2 млрд долларға жуық инвестиция тартылған. Ал былтыр Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп...