KEGOC компаниясының валютамен алған берешегі 16 млн доллар, ал теңгемен 157 млрд қарызы бар. Бұл туралы компанияның Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева мәлім етті.
Компания өкілдерінің түсіндіруінше, SPO-ның негізгі мақсаты – KEGOC-тың Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағының желілерін күшейту бағытындағы ірі инвестициялық жобаны іске асыруға қаражат тарту. Жоба шеңберінде 500 кВ 3 электр қосалқы станциясын сәйкесінше кеңейте отырып, ұзындығы 475 км 500 кВ «Шу-Жамбыл-Шымкент» 2 желі салынатын болады.
Сонымен қатар, Азия даму банкінен және Қазақстанның даму банкінен қарыз қаражаты тартылатын болады.
«Бұл жобаны қаржыландыру үшін Азия даму банкінен несие...