Астанадағы спорт мектептерінің бірі «Astana Bike» жүйесіне арналған велосипедтерді 178 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Бұл жайлы Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасы бюджет және мемлекеттік сатып алу заң нормаларының сақталуына талдау жүргізіп, нәтижесінде қалалық спорт мектептерінің бірі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы басқа заңды тұлғаның балансында тұрған «Astana Bike» жүйесіне арналған велосипедтерді сатып алу бойынша конкурсты жөнсіз жариялағанын анықтады», делінген хабарламада.
Бұл әрекеттер Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармақшасына қайшы келеді және Жарғымен бекітілген мектеп қызметінің түрлеріне сәйкес келмейтінін хабарлайды прокуратура. Солайша прокуратураның қадағалауымен 178 миллион теңгелік заңсыз сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды...