Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АМТ-ға жаңа басшы тағайындады / Фото: gov.kz
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басинді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМимттал Теміртау» компаниясына басшы етіп тағайындады.
Вадим Басин маусымда «Казахстанская» кенішіндегі апатты жою жөніндегі штабты басқарды. Бұған дейін шенеунік «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да 18 жыл жұмыс істеп, компанияда атқарушы директор лауазымына дейін көтерілген.
Басин «АрселорМиттал Теміртауда» қандай лауазымдар атқарды:
2017 жылдан 2021 жылға дейін компанияның атқарушы директоры болып жұмыс істеді; 2013 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қоғам Басқармасы дирекциясының атқарушы директорының жөндеу жөніндегі орынбасары, кейін өндіріс жөніндегі директоры болып тағайындалды; 2011 жылдан 2013 жылға дейін басқарма дирекциясының жөндеу жөніндегі директоры қызметін...