Технология саласындағы ірі компаниялардың ІІІ тоқсанда бұлтты қызметтер мен AI-дан алған кірісі сарапшылардың болжамын ақтамады. Сондықтан олардың акциялары төмендеп, NASDAQ индексіне кері әсер етті. Сарапшылар кредиторлардың Evergrande-ге қарсы сот ісін алаңдаушылықпен бақылап отыр. Егер компания жабылса, бұл бүкіл Қытайдың құрылыс индустриясында «дүлей толқын» тудырады. Демалыс күндері әлемдік БАҚ осы тақырыптарды жазды.
NASDAQ түзету аймағына енді: инвесторлар нені ескеруі керек?
Өткен аптада NASDAQ индексі өзінің 52 жылдық тарихында 70-і рет түзетуге ұшырады. АҚШ-тағы «Теңдессіз жетілікке» кіретін технологиялық компаниялар басым индекс 2023 жылдың басынан бері шамамен 23% төмендеді.
Ірі технологиялық компаниялардың бұлтты және AI қызметтен ІІІ тоқсандағы кірісі сарапшылардың болжамына...