Казіргі уақытта әлеуметтік желілерде алаяқтар белсенділік танытып Kaspi Bank-тің мобильді қосымшасы арқылы жалған хабарламалар жіберіп салық міндеттемесін орындау туралы келесі мазмұндағы ақпарат таратылуда: «төлеу» қойындысымен «Салық берешегін төлеу үшін шот қойылды», қойындыны басқан кезде салық төлеушілердің банктік шоттарынан қаражат төлемдер растауынсыз ақша есептен шығарылады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық берешегі туралы хабарламалар алған кезде ақшалай қаражатты рұқсатсыз есептен шығаруды болдырмау үшін, салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді келесі ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы нақтылап тексеруді ұсынады:
– «Каспи банкі» АҚ («Барлық төлемдер» сервисінде → «Айыппұлдар...