Американдық танымал ChatGPT чат-ботының әзірлеушісі OpenAI компанияның жалпы құны 86 миллиард доллар болатын акцияларын сату мәселесін талқылап жатыр. Компанияның осыған байланысты инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы Financial Times басылымы жазған.
Басылым компанияның қазіргі инвесторлармен 1 миллиард долларға қызметкерлердің акцияларын сатып алу туралы тендерлік ұсыныстарды талқылап жатқанын хабарлайды. Газет дереккөздерінің мәліметінше, қызметкерлердің құжаттарды сақтауға деген ұмтылысы ескеріліп, нақты сома айтарлықтай аз болады деп болжанып отыр.
Компания өз акцияларын жаңа инвесторларға ұсына ма, әлі белгісіз. Әзірге бұл мәмілеге компанияның қззаргі инвесторы Тhrive Capital компаниясының қатысатыны айтылады. OpenAI инвесторлары қатарында одан бөлек Microsoft Corp., Sequoia Capital, Andreessen Horowitz және Khosla Ventures...