Фото: kursiv.media
АҚШ қор нарықтары жұма күнгі саудада күрт жоғарылады. Оған ірі компаниялар акцияларының өсімі қолдауы көрсетті: Microsoft (+2,5%), Nvidia (+2,4%), Apple (+1,5%), Meta (+3,5%) және Alphabet (+1,8%) акциялары көтерілді. Бұл туралы KASE-нің қор биржасына шолуында жазылған.
Dow Jones Industrial Average 0,87%-ға, S&P 500 1,18%-ға, Nasdaq Composite 1,6%-ға қымбаттады. S&P индексіндегі 11 сектордың 10-ы жоғары көрсеткішпен жабылды. UAW осы аптада ереуіл болмайтынын хабарлағаны сол еді, GM (+1,9%) мен Ford (+3,2%) акциялары көтерілді. Exxon Mobil акциялары компания Pioneer Natural Resources компаниясын шамамен 60 миллиард долларға сатып алу мәмілесін аяқтап жатқаны туралы хабардан кейін 1,6%-ға төмендеп, Pioneer акциялары 10,5%-ға қымбаттады.