Әкімдер корпусындағы кадрлық өзгерістер өңір басшыларының рейтингіндегі көріністі түбегейлі өзгертті. Бұл туралы toppress.kz сайты хабарлады. Көшбасшыларға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев оралды. Жаңартылған топ-5 -те Қостанай және Алматы облыстарының әкімдері Құмар Ақсақалов пен Марат Сұлтанғазиев сияқты күтпеген есімдер пайда болды.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы сияқты бес өңірдің жаңа әкімдері әлі жаңартылған рейтингке енген жоқ. Олардың өңірлік саясаттағы жағдайы бағалау мен талдау үшін қосымша уақытты талап етеді.
ТОП- 5
Нұрлан Ноғаев
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңір басшылары рейтингінде көшбасшы болды. Айта кету керек, Маңғыстау облысы – негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша көшбасшылардың бір...