Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығы (ҚАБҚ) берген мәлімет бойынша қазан айында 9 623 техника шықты, бұл былтыр қазандағы нәтижемен салыстырғанда 25,4% көп. Биыл оң айда Қазақстан аумағында жалпы сомасы 902,4 млрд теңге құрайтын 88 064 техника жасалған. Өндіріс көлемі 2021 жылғы қаңтар-қазан аралығындағы көрсеткіштен 23,6% жоғары. Бұл туралы Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығы хабарлады.
Бұған жеңіл автомобиль өндірісі артқаны себеп болған, биыл 80 251 (+29,9%) машина шықты. Одан бөлек елдегі зауыттар 5 916 дана жүк көлігі, 552 тіркеме мен жартылай тіркеме және 363 басқа арнайы техника өндірді. Өнімдері Қазақстанда шығатын ең танымал бес бренд қатарында Chevrolet (31 063 дана), Hyundai (28 863 дана), Kia...