Бәйтерек» холдингі «ТайыншаЖер Плюс» ЖШС 49%-ын сатып алды / коллаж kursiv.media
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі «ТайыншаЖер Плюс» ЖШС 49%-ына иелік ететін болды. Бұл туралы холдинг Қазақстан қор биржасына хабарлады.
Алайда, бұл мәміленің бұдан өзге ақпараттары ашық хабарланбаған, яғни «Бәйтерек» бұл компаниядағы үлесті кімнен қанша қаржыға сатып алғаны туралы ақпарат жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Чермошнян ауылдық округіне тіркелген «ТайыншаЖер Плюс» ЖШС негізгі қызметі туралы ашық деректерде: «тұқым өсіруді қосқанда, дәнді және бұршақ дақылдарды өсіру» деп көрсетілген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан алынған дерекке сәйкес, «ТайыншаЖер Плюс» ЖШС құрылтайшысы «Тамыз-Инвест» ЖШС. Ал, «Тамыз – Инвест» ЖШС...