Тағы 8 мың 600-дей азамат жарақат алған. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы жуырда осындай мәліметпен бөлісті. Құрбандардың шамамен 2306-сы ер адам болса, 1582-сі – әйел, 379-ы – бала. Қалғандарының жынысы әлі анықталмаған. Айта кетейік, БҰҰ келтірген дерекке сай көз жұмғандар мен жарақат алғандардың көбі Донецк және Луганск облыстарында тіркелген.
Жаңалықтар
Қорғаныс министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен, сондай-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп, азаматтардың мерзімді әскери қызметін өтеуге ынтасын арттыру мақсатында жаңа жоба бастауды көздеп отыр.
Ол мерзімді әскери қызмет өткерген барлық азаматтарға әңгімелесу нәтижелеріне қарай Ұлттық бірыңғай тестілеуді есепке алмай, әскери борышын өтеген соң екі жыл ішінде ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Демек күнтізбе бойынша күзде әскерден келген соң, олар оқуға түсе алады. Ал бұрынғы әскери қызметшілер жоғары оқу орындарының әскери кафедрасында тегін оқи алады.
Жеке қасиеттеріне, үлгілі тәртібіне және мерзімді әскери қызметін өтеу кезеңінде жауынгерлік даярлықта қол жеткізген жоғары нәтижелеріне қарай әскери қызметшілерге жоғары...
Fingramota.kz қаржылық алаяқтық кейстерін талдауды жалғастырады және қаскүнемдерге қалай қарсы тұруға болатынын және олардың қармағына түспеу жолын айтып береді.
Алаяқтар өзін қаржы реттеушісінің қызметкері ретінде таныстырады!
Қаскүнемдер кез келген ақпаратты өзінің арам пиғылын іске асыру үшін пайдаланады, олар БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды үнемі қадағалап отырады. Алаяқтар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметі туралы да хабардар. Енді олар азаматтарға өздерін қаржы реттеуші ретінде телефон арқылы таныстырып, хабарласа бастады. Схема қорқыту, жеке және төлем деректерін хабарлауға не қаражатты олардың шотына аударуға мәжбүрлеу арқылы жүргізіліп отыр.
Біздің пайдаланушылардың бірі осы схема туралы Агенттікке ресми кері байланыс арналары арқылы хабарлады:
Авиациялық емес кірістерді дамыту үшін Астана әуежайына жерге билік ету құқығы қажет
COVID-19 пандемиясы кезінде туындаған қиындықтар елордалық әуежайды жаңа, авиациялық емес кіріс көздерін іздеуге және дамытуға итермеледі. Дүйсенбі күні отандық БАҚ өкілдеріне кәсіпорынды дамыту тұжырымдамасы таныстырылды. Жаңа тұжырымдама әуе айлағын арнайы экономикалық аймақ, мультимодальдық жүк тасымалдау және Е-commerce қызмет көрсету орталықтары, сонымен бірге авиаперсоналды дайындау бойынша оқу орталығы мен жаңа кэйтеринг орталығы және басқа да функцияларды қамтитын кәсіпорынға трансформациялауды көздейді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының ақпараты бойынша, аталған тұжырымдама негізінде Халықаралық Азаматтық авиация қауымдастығының (IATA) тәжірибелі мамандары әуежайды 2050 жылға дейін дамытудың мастер-жоспарын әзірлеуде. Биыл...
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты, деп хабарлайды Борт1 телеграмм арнасы.
Іскер топтармен бірқатар екіжақты кездесу аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.
Іс-шараға Chevron, ExxonMobil, Fluor, Shell USA, The Solar Turbines, S&P Global, Centrus Energy Corporation, Boeing, Amway, GE International Markets, Honeywell UOP, Philip Morris, The Procter & Gamble Company, Baker Hughes, John Deere, Bechtel, Halliburton, Valmont, Champion Foods, PepsiCo, MasterCard, Citi, McLarty Associates, Macro-Advisory LTD, private equity fund RCF, Brownstein Hyatt Farber Schreck, Greenenberg Traurig LLP, Microsoft, Coursera, StartX, EPAM, Wabtec Corporation, Zscaler, DoorDash, Amazon, Pfizer, Medtronic, Netflix секілді ірі америкалық компанияларды...
Мемлекеттік кірістер комитеті банктің мобильді қосымшалары арқылы пайдаланушыларға мүлік және көлік салығын төлеу қажеттілігі жалған хабарламалар жіберумен байланысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді.
Хабарламаны тапсырудың қолданыстағы тәртібіне – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, салық төлеушінің жеке кабинетіне электрондық тәсілмен, мобильдік қосымша арқылы электрондық тәсілмен жіберу кіреді.
Хабарламаның фейк екенін қалай анықтаймыз?
Мыналарға назар аударыңыз:
– хабарламаны жіберушінің қате көрсету, мысалы «ҚР салықтары» АҚ»;
– мүлік салығын дұрыс төлеген кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер басқармасы көрсетілуі керек, мүлік салығы – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша, ал көлік салығы – салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша...
2022 жылғы 8 айдамемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойыншажоспар 104,5% орындалды. Жоспар бойынша 9 228,2 млрд. теңге, 412,7 млрд. теңгеге асыра орындаумен 9 640,9 млрд. теңге түсті. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе немесе 2 836,0 млрд. теңгеге өсім бар. Оның ішінде:
– республикалық бюджет 101,1% орындалды, жоспар бойынша 6 487,5 млрд.теңге, 69,0 млрд. теңгеге асыра орындаумен 6 556,5 млрд. теңге түсті. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,5 есе немесе 2 123,0 млрд. теңгеге өсті.
– Жергілікті бюджет 112,5% орындалды (жоспар бойынша 2 740,7 млрд.теңге, 343,7 млрд. теңгеге асыра орындаумен 3 084,4 млрд. теңге түсті) 2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда...
Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 16 қыркүйекте теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,8%-ға (473,35-тен) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 477,12 теңге деңгейінде қалыптасты. Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды, олардың негізгісі – АҚШ инфляциясы бойынша деректердің шығуы еді. АҚШ Еңбек министрлігінің деректері көрсеткендей, тамызда тұтыну бағаларының индексі шілдеге қарағанда нарықтық күтулерден асып түсіп, 0,1%-ға (базалық ТБИ 0,6%-ға) өсті. Бұл өз кезегінде АҚШ ФРЖ-ға Ашық нарықтағы операциялар жөніндегі федералдық комитеттің қыркүйектегі отырысы алдында ақша-кредит саясатының ықтимал күшейтілуі туралы белгі бере отырып, «күшейту» позициясын иеленуге қысым көрсетеді. Еуропалық орталық банк қазіргі күнгі үрдістің сақталуы кезінде пайыздық мөлшерлемелердің бұдан былай да көтерілетінін мәлімдей...
Қазақстанның 16 өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, балалар құқығын қорғауда тәжірибесі бар азаматтар бар.
Енді баланың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда ата-аналар, балалар және басқа да кез келген азамат өз аймағындағы уәкілдің көмегіне жүгіне алады.
Кандидаттар облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімімен тағайындалады.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарайды. Олар сондай-ақ балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын ілгерілетуге қатысады.
Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі омбудсмендер балаларға арналған ұйымдарға кедергісіз кіре алады. Сондай-ақ олар қоғамдық негізде жұмыс істейді.«Нұр-Сұлтанжәне Шымкент қалаларында, сондай-ақМаңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, ШығысҚазақстан, Қостанай, БатысҚазақстан, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, СолтүстікҚазақстан, Ақмола, Абай, Алматы облыстарында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Ал қалған 4 облыста кан -дидаттар тізімі әлі қаралып жатыр. Біз комитет өкілдері ретінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдермен белсенді жұмыс істейміз», – деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті.
«Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы түсіндірді. Қазір бұл үшін мемлекеттік органдар барлық қажетті заңнамалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды қабылдауда. Экологиялық және Салық кодекстеріне түзетулер әзірленді. Азаматтар бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңге көлемінде ғана алым төлейтін болады. Заңдастыру кезінде утильалым төленбейді. Кодекстерге түзетулер келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сондықтан заңдастыру келесі жылдан бастап жүргізілетін болады. Кейінірек әкелінген автокөліктер заңдастыруға жатпайды және жалпы негізде тіркеледі», – деді министрлік өкілі.
Оны...
Дүниежүзілік тазалық күні аясында Астана қаласындағы Қарасу өзенінің жағасында өткен сенбілікте 1000 килограммнан астам қоқыс жиналды.
Биыл бұл экологиялық науқан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі мен Эстония Елшілігінің қолдауымен өткізілді.
Экологиялық бастамаға 100-ге жуық адам қатысты, олардың арасында Астана әкімдігі, Еуроодақ елшіліктерінің және халықаралық ұйымдардың өкілдері, «Экологтар қауымдастығы», «Жасыл экономика және G-Global даму коалициясы» ұйымдары, эко-еріктілер, журналистер мен қаланың жанашыр тұрғындары болды.
Дүниежүзілік тазалық күні — ғаламшардың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктірген заманымыздың ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі. Бұл күні бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінен еріктілер жерді қоқыстардан...
Бүгін елордада ҚР Ұлттық экономика министрі, Қазақстаннан Дүниежүзілік Банк басқарушысы Әлібек Қуантыров ДБ-ның Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскурякова және ДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесті.
Іс-шараға басқа да орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысты.
Кездесу барысында ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің 2020-2025 жылдарға арналған Әріптестік туралы негіздемелік стратегиясы шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан дайындалып жатқан әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған басым жобалар талқыланды.
Атап айтқанда, инклюзивті экономикалық даму, әлеуметтік және индустриялық нысандарды салу, энергия тиімділігін арттыру, Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобалары, сондай-ақ ел дамуының басқа да негізгі стратегиялық бағыттары қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша...
«С11» визасы ата-анасы Қазақстан азаматтары болып табылатын, он сегіз жасқа толмаған балаларға беріледі. Егер ата-анасының біреуі Қазақстан азаматы болса «С11″визасын алуға жеткілікті . Виза шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ балалар үшін маңызды.
Визаны ПД Көші-қон қызметі басқармасы береді. Өтінішті ата-аналар береді, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.
«С11 «бір жолғы визасы 1 жылға дейінгі мерзімге, көп реттік визасы 3 жылға дейін беріледі. Республика аумағында визаның жарамдық мерзімінің барлық кезеңінде келуге мүмкіндік бар деп жалғастырды Ринат Шкибаев.
Ақпарат ШҚО ПД Баспасөз қызметінен алынды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы 19 қыркүйекте JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізеді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сондай-ақ сарапшылар тобының өкілдерімен кездеседі.
20 қыркүйекте Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді.
Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады.
Ағымдағы жылғы тамыз айында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополиялар субъектілерінің 2020-2021 жылдарға тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есептерін қарау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 9,05 млрд.теңгеге еліміздің бірқатар өңірлерінде коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендегендігі туралы хабарлады.
Бүгінгі күні ТМС – ның 2021 жылғы есептеріне талдау жүргізу шеңберінде 12 өңірде, атап айтқанда Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары бойынша мынадай салаларда: сумен жабдықтау – 162 млн. тг, жылумен жабдықтау – 379 млн. тг, су бұру – 22 млн. тг, электр энергиясын беру – 37 млн. тг, тауарлық газды тасымалдау – 9 млн. тг жалпы сомасы 609 млн...
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде «Айфон Х» маркалы ұялы телефонды ұрлады деген күдікпен 23 жастағы жігітті ұстады.
Жас жігіттің Кеген көшесіндегі қонақүйге массаж жасатуға келгені анықталды. Күдікті салоннан кетіп бара жатып, тіркеу орнында зарядтағышқа қосылған ұялы телефонды байқайды. Содан ол қызметшінің жоқтығын пайдаланып, ұялы телефонды алып, ізін суытқан. Ұялы телефонның жоғалғанын байқаған әкімші дереу полицияға хабарласқан. Полиция қызметкерлері келгенге дейін қонақ үйдің қырағы жұмысшылары мас күйінде күдіктіні ұстады.
Қазіргі уақытта 23 жастағы қала тұрғыны кінәсін мойындады, ұрланған ұялы телефон иесіне қайтарылды. Ұсталған азамат ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы...
Көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға тыйым салу туралы 14.09.2022 жылғы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің № 514бұйрығы шықты.
Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр.
Министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген. Басты мақсат – 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау.
ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті қарастырылған. Олардың бірі – 2023-2027 жылдар кезеңінде жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу. Бұл зейнеткерлік демалысқа шыққан азаматтарға жинақтаушы жүйеден қосымша зейнетақы төлемін төлеуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда базалық және ынтымақты зейнетақыны, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін (қызметкердің зейнетақы жинақтары есебінен қалыптастырылады) қамтитын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасты.
Зейнетақының ынтымақты бөлігі жыл сайын азаятыны белгілі, өйткені оны тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейін жасалған еңбек өтілі ескеріледі. Бұл ретте жұмыскердің 10% БЖЗҚ-ға жарналары тиісті зейнетақы мөлшерін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.
Әлемдік...
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бастамасы бойынша құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында халықпен тиімді диалогты арттыру мақсатында бірыңғай ақпараттық қызмет ашылды.
Ақпараттық қызмет құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер бойынша жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін консультациялық қызметтер көрсетеді.
– Құрылыс мәселелері бойынша байланыс телефондары – 8 (7172) 98-33-50,
– Тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша – 8 (7172) 98-30-59,
– Кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына (мүліктің меншік иелері бірлестіктері, жай серіктестік, пәтерлер иелерінің кооперативтері) көшу мәселелері бойынша – 8 (7172) 98-34-86
Алғашқы екі байқаудың қорытындысы бойынша 1,5 мыңнан астам педагогтен өтініш түскен болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі кадр тапшылығы бар немесе білім сапасы салыстырмалы түрде төмен аймақтарға үздік мұғалімдерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Мәселе Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстары туралы болып отыр. Бұл аймақтарға математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет.
Арнайы бағдарламада мұғалімдерді қолдау шараларының пакеті бар, атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде жалақыны қамтамасыз ету, бұл сондай-ақ жалға алған пәтер және коммуналдық қызметтер төлемін өтеуді қамтиды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың бірінші кезеңі 16 маусымда басталды. Екінші байқау 11-21 шілде аралығында өтті. Ал үшінші кезең 20 қыркүйекте басталып, 2022 жылғы 4 қазанға дейін жалғасады.
«БайқаудыңалдыңғыкезеңдерінеНұр-Сұлтанжәне Алматы қалаларының, Павлодар, Қызылорда, БатысҚазақстан, Түркістан, Алматы, Жамбыл жәнеАқтөбеоблыстарыныңмұғалімдеріқатысты. Бүгінгікүніолардыңбірбөлігі кадр тапшылығы бар немесебілімсапасысалыстырмалытүрдетөменаймақтардағымектептердежұмысістейді. Мектептердебіліктімұғалімдердіңкөбеюісапаныарттыруғаоңәсеретеді. Балаларғаөзбілімінбөлісуүшінбасқаөңіргебіргекөшіпжатқанмұғалімерлі-зайыптыларотбасы да бар», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Конкурстан өткен мұғалімдермен еңбек шарты 5 жылға жасалатынын айта кетейік. 4 облыстың біріне қоныс аударған мұғалімдердің балалары балабақша мен орта мектептерден орын алады.
Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсіптік және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар еліміздің педагогтері қатыса алады. Яғни жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қайта даярлаудан өткендер, сондай-ақ «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар мамандар қатыса алады. Конкурсқа сондай-ақ үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес гуманитарлық бағыт бойынша, үлгерімнің орташа...
Байқауға қатысушылар республикалық «Жануарлар – менің достарым» және «Менің жасыл планетам» балалар суреті байқауларының жеңімпаздары. Байқаулар 2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қамқорлығымен өткен. ҚР Бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин идеялық шабыт берушісі болды. Бастаманы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өту аясында БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Балалар Бейбітшілікті Салады» және «Мейірімділік» қорлары қолдады.
«Ересектер кіп-кішкентай қорғансыздарды қалай қаңғытып қояды, бұл менің миыма сыймайды. Адамдық қасиетімізді жоғалтпайықшы, үй жануарын және жер шарындағы барлық жануарды қорғайық, – деді Сарыөзек ауылынан қатысқан Ақжан Қайырбекқызы.
Байқау адамзатты жануарларға деген қарым-қатынасты өзгертуге және...
Алматы қаласы, Серіков көшесі, 2а мекенжайында орналасқан № 3 мамандандырылған ХҚО бөлімі жұмысын тоқтатады.
«Құлагер» шағын ауданының №3 Мамандандырылған бөліміне қызмет алушылар аз келеді. Көбінесе автокөлік иелері қызмет алу үшін №1, №2, №5 және №6 бөлімдерге жүгінеді немесе қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы онлайн алады. Аудан тұрғындарының тарапынан автокөлікке қатысты қызметтерге сұраныстың болмауы себепті бөлім жұмысын тоқтатуға шешім қабылданды» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.
Осыған дейін Алматы қаласында автокөлік иелеріне арналған 5 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейтін.
Енді, авто көлік иелері қаладағы 4 МХҚО-ға жүгіне алады.Олар
...
Атырауда жаңа өнім. Индердегі тұзды көлден жоғары сапалы ас тұзы өндіріле бастады. Бұл істі «INDERTUZCOMPANY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған, деп хабарлайды Индер аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазір кәсіпорында 10 жергілікті тұрғын еңбекпен қамтылған. Ас тұзы стандартты әдіспен өңделеді. Сапасы өте жоғары, кристалдылығы 99,5 пайызды құрайды. Йодталған ас тұзы Қазақстанның түпкір-түпкіріне жеткізіледі. Табиғи минералдың адам денсаулығы үшін, нақтырақ айтсақ, жүрек, қан айналымы үшін маңызы зор. Зауыттың техникалық директоры Димат Туғанбайдың айтуынша, айына 2000 тонна ас тұзын өндіру жоспарланған.
Қазір тауардың құжаттары әзірленіп жатыр. Сараптамадан кейін, нарыққа жөнелтіледі.
Кәсіпорын сағатына 20 тонна тұз өңдеуге қауқарлы. Қазірдің өзінде Ресей елінен тапсырыстар түсіп...
21-23 қыркүйекте Конгресс-орталығында және EXPO халықаралық көрме орталығында Қазақстан машина жасаушыларының X форумы және Kazakhstan Machinery Fair 2022 машина жасау және металл өңдеу бойынша II халықаралық мамандандырылған көрме өтеді. Форумның тақырыбы: «Қазақстанның машина жасау саласы: жаңа заманның сын-тегеуріндері». Форум ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Қазақстан машина жасаушылар одағы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Форум машина жасау саласының өңірлік және халықаралық кәсіпорындары тап болып отырған сын-тегеуріндердің кең ауқымын шешетін пікірталас алаңы ретінде өзін танытты, оның шеңберінде экономиканы әртараптандыру, импортты алмастыру және жаңа экономикалық саясат тетіктері талқылануда.
Форум мен көрмені өткізудің мәнділігі мен маңыздылығын олардың нәтижелері дәлелдейді: 2021 жылы форум жұмысына Қазақстан...