Жиын-терін басталған кезде қатарынан үш апта толассыз жауған жаңбырдың кесірінен дихандар астық жинай алмады. Қолайсыз ауа-райының кесірінен жаңа түсімнің сапасы нашарлап, астық өніп, ылғалданып, қызып және егіс өнімділігі төмендеген.
Үкімет отырсында баяндама жасаған АШМ басшысы Айдарбек Сапаровтың сөзінше бүгінде егін алқабының 1/3-і ғана жиналған. Жалпы биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 17,3 млн. гектардан жиналуы тиіс.
«Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 6,9 млн. гектар немесе 40,0% дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. 6,6 млн. тонна астық бастырылды, орташа өнімділік гектарынан 9,5 центнерді құрады.«
Айта кету керек, 2022 жылы – 14,2 млн. тонна астық бастырылған, орташа...