Қазақстан Автомобиль бизнесі қауымдастығы мен «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ өкілдері және отандық бірқатар кәсіпорынбасшыларының қатысуымен ұйымдастырылған басқосу бейнебайланыс режимінде өтті.
Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспановтың айтуынша, өткен жылы қазақстандық зауыттар 183 млрд теңге сомасында 13 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын шығарған. Бұл тараптағы өндірістің жылдық өсімі 130 пайызды құрап, 2,3 есеге артқан.
Сонымен қатар биыл ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске асыруға 40 млрд теңге бөлінді. Оның 30 млрд теңгесі «Жасыл Даму» АҚ қаражатынан және 10 млрд теңгесі «ҚазАгроҚаржы» АҚ капитал нарығынан тартылды. Бұдан бөлек, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» тракторлар мен комбайндарды лизингтік қаржыландыру үшін 7 млрд теңге...