Фото: www.shutterstock.com
«Атамекен» ҰКП сарапшылары еліміздегі ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін өсіру инфляцияның жоғарылауына әкеп соғады деген пікірде.
Ұлттық палата басқарма төрағасының орынбасары және «Атамекен» ҰКП жаңа салық кодексінің жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының басшысы Тимур Жаркеновтың айтуынша, «Атамекен» бизнес-қоғамдастықтың басым бөлігімен бірлесіп, ҚҚС мөлшерлемесін көтеруге үзілді-кесілді қарсы. Бұл шара тауарлар бағасының күрт өсуіне, инфляцияға және шағын бизнестің орта, ал орташа бизнестің іріге айналуына жол бермейді.
«ҚҚС мөлшерлемесін өсіруге болмайды. Ашық жұмыс істеген кәсіпкерлер әрі қарай да ашық жұмыс істеуге мәжбүр болады. Ал көлеңкеде жұмыс істегендер сол жерде қалып қояды. Ортада тұрғандар сұр...