Ұлттық банк халықтың инфляциялық күтулеріне қатысты тамыз айындағы сауалнама қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, инфляциялық күтулер екінші ай қатарынан төмендеген, алайда жоғары болып қала береді.
Сонымен қатар, есепте айтылғандай алдағы жылдағы елдің даму перспективалары бойынша бағалау төмендегені есебінен тұтынушылық көңіл күй нашарлаған.
2023 жылғы тамызда күтілетін инфляцияның медианалық бағалауы1 16,4% дейін төмендеді, шілде айында бұл мән 16,9%-ды құраған.
Ал, қабылданатын инфляцияның медианалық бағалау 18,4% болды, шілде айында 18,6% еді. Керісінше, бағалардың жылдам өсуін күткен респонденттер үлесі шілде айына қарағанда (20%) аздап өсіпті – 26%.
2023 жылғы тамызда азық-түлік бағасының өскенін атап өткен респондент үлесі 2016 жылдан...