Фото: kursiv.media
Экспортты қаржылық қолдаудың бірыңғай операторы «KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-на арнайы құқықтық мәртебе берілмек. Мәжілісте біріші оқылымда мақұлданған заң жобасы оператор үшін реттеушілік режимді қалыптастыруды қамтиды.
Компаия негізінде Заманауи экспорттық-кредиттік агенттік (ЭКА) құруды жоспарлап отыр. Агенттік мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам болады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталатын заң жобасы қорытындысы депутат Нұртай Сабильянов таныстырды.
«Заң жобасы экспорттық-кредиттік агенттіктің арнайы құқықтық мәртебесін құруға бағытталған, ол шикізаттық емес экспортты қаржылық қолдау...