«Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2023 жылдың 11-17 қыркүйегі аралығында қазақстандықтарды жайлы мектептердің жобаларын талқылауға атсалысуға шақырады. Компания мектеп құрысына қатысты сәулеттік және дизайнерлік шешімдерінің жалпыхалықтық талқылауын жариялайтынын мәлімдеді.
Нақты айтқанда, компания оқушылар, ата-аналар, педагогтар және білім процесіне жанашыр барша азаматтарға көңіл аударып, ауқымды ұлттық жоба аясында өз пікірлерін ашық білдіруге мүмкіндік бермек.
Мектеп құрылысын жайлы етіп құруды көздеген қатысушылар оқу ордасының ішкі және сыртқы безендірілуіне, архитектурасына, құрылыс құрамына үн қоса алады.
Орайы келгенде айта кетейік, 2023-2025 жылдар аралығында ел бойынша жаңа форматтағы заман талабына сай 369 мектеп салынып, 738 мыңға жуық оқушы орны ашылады. Ұлттық жоба аясында жоспарланған 369 мектепт...