Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Президентке «Қазақтелеком» компаниялар тобының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған қызметінің негізгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштері туралы есеп берілді.
Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, еліміздің телекоммуникация саласындағы ірі операторының былтырғы осы кезеңмен салыстырғандағы табысы 10 пайызға, ал таза пайдасы 16 пайызға өскенін. 5G желісін құру – «Қазақтелеком» үшін басымдықтардың бірі саналады. Бұл бастама аясында 2027 жылға қарай бүкіл ел бойынша 7 мыңнан астам базалық станция салынуға тиіс. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін бесінші буын желісінің 782 базалық станциясын салу жоспарланып отыр.
Әзербайжанмен бірлескен жоба аясында Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық жел...