Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Туризм және спорт министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Ол Ақмола облысының әкімі лауазымынан босатылды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды»,-деп хабарлады Ақорда ресми сайты.
Ермек Боранбайұлы 1969 жылы туған, Целиноград қаласының тумасы.
С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих мұғалiмi), «Тұран» университетiн (заңгер), Көкшетау университетiн (қаржы бакалавры) бiтiрген.
Еңбек жолын 1991 жылы Астанадағы № 29 ОМ дене шынықтыру мұғалiмi, бокстан жаттықтырушы болып бастады.
1992-1993 жылдары — Ақмола облысы, Щучинск ауданы, Бурабай кентi...