Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараевқа «Elge qaitaru» қоғамдық қорының директоры Оразалы Ержанов өзінің әлеуметтік парақшасында хат жолдап, болашақта «Ғалымжан Есенов Jusan банк-ті мемлекетке қайтара ма?» деген сауал тастады.
«Вашингтоннан (АҚШ) «Elge Qaitaru» Қоғамдық қорының электрондық поштасына құжат жобасы келіп түсті, біз сізбен осыған байланысты хабарласып отырмыз, өйткені құжатта активтерді қалпына келтіруге қатысты маңызды нәрселер бар. Бізге Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Д.Ваисовтың, «Jysan Holding» LLC (JH), Jusan Technologies LTD (JTL), New Generation Foundation Inc (NGF) және Қазақстан Республикасының азаматы Ғалымжан Шахмарданұлы Есеновтің аты аталған Негіздемелік келісімнің жобасы келді. Бұл құжатта «2023 жылдың 5 маусымы» деген...