Қазақстанда көлік министрлігі қайта құрылады. Бұл жайлы президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында айтты.
«Стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану. Қазір әлемде жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатыр. Қытайдан Еуропаға, Ресейге, Орталық Азияға және осы аймақтардан Қытайға жіберілетін тауар көлемі айтарлықтай көбейеді деген болжам бар. Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс», деді Мемлекет басшысы.
Қазір әсеке күшейіп тұрғанын, осыған орай бірқатар маңызды мәселені шұғыл шешу керектігін айтқан...