Қазақстандық IT-мамандар ішінде инфлюенсер атына әбден лайық қыз-жігіт көп. Бірі шетелдік компаниядан оффер алып, табысты мансап жолының үлгісін көрсетіп жүрсе, енді бірі стартап бастап, оны сәтті жүзеге асырып жүр. Келесі бірінің жасаған мобайл қолданбасы топ жарған. Айтып тауысу қиын. Бір анық: бағдарламалаушылардың ішінде жастарға «краш» болатын адам іздесеңіз, табу қиынға соқпайды. Kursiv Media тілшісі ақпараттық технологиялар саласында көшбасшы болып жүрген, қоғамда ықпалы жоғары он бағдарламалаушыға жеке тоқталғанды жөн көрді.
Арман Сүлейменов. Instagram: @armansu
IT саласында өте танымал тұлға десек, артық болмайды. «Жас та болса, бас болған» деп Арман секілді мамандарға айтылса керек. Ол — nFactorial School деп аталатын...