Жапонияның қорғаныс министрлігі 2024 жылы елдің әскери қажеттіліктері үшін рекордтық 53 миллиард доллар бөлуді сұрады, деп хабарлады Financial Times.
Басылымның хабарлауынша, министрлік ұсынысы 2023 жылмен салыстырғанда қорғаныс шығындарын 13% арттыруды көздейді. Бұл ретте қаржыландыру Токионың бес жыл ішінде қорғаныс шығындарын ұлғайту жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда, бұл мақсатта шамамен 315 миллиард доллар бөлу мүмкін. Токио НАТО талаптарына сәйкес қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 2%-ына дейін ұлғайтуды көздеп отыр.
Бұл жоспар жүзеге асса, жыл сайынғы қорғаныс шығындары 73 миллиард долларға жетіп, Жапония әскери бюджеті жөнінен АҚШ пен Қытайдан кейінгі әлемдегі үшінші елге айналады.
Оның ішінде...