Мәжіліс депутаты Серік Егізбаевтың сауалына берген жауабында Үкімет басшысы Олжас Бектенов ауылға көшкісі келетін азаматтарды билік қалай ынталандыратынын баян еткен.
Олжас Бектенов ресми жауабында Үкімет жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтардың ерікті қоныс аударуын қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарын құру, қоныс аударушыларды жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету арқылы ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу шаралары бойынша жол картасын әзірлегенін хабарлаған.
«Сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту мақсатында қатысушылар тобын ұлғайту, бір облыс шегінде (қаладан ауылға) қоныс аудару тетігін қайта қарау, бейімдеу қызметтерін көрсетуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту, сондай-ақ экономикалық ұтқырлық сертификатыны...