Өзбекстандағы шағын қуатты атом электр станциясының (АЭС) құны 1 млрд доллардан төмен болады. Бұл туралы Әбдіжәміл Калмұратов мәлімдеді.
Оның сөзінше, жоба мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.
«Иә, бұл – мемлекеттік бюджет. Бұл нысанды мемлекет өзі салып жатыр, яғни жоба толықтай өзбекстандық. Қаржыландыру көзі – біздің бюджет. Атом жобасы ұлттық болуы тиіс», – деді Қалмұратов.
АЭС жобасының нақты құны келісімшартқа қол қойылғаннан кейін белгілі болады. Қалмұратов шағын АЭС реакторларының санын алтыдан екіге азайту жобаның жалпы құнын үш есе төмендетпейтінін атап өтті.
«Мұнда жай ғана үшке бөлуге болмайды. Шамамен бұрынғы соманың жартысынан...