2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,6 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.03.2021ж. мен 01.03.2022ж. аралығындағы бір жыл ішінде бұл қаражат 965,5 млрд теңгеге немесе 7,7%, ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 515,1 млрд теңгеге немесе 3,9% ұлғайды. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 13,2 трлн теңге (соңғы 12 айда өсім 7,3%) болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 385,5 млрд теңгені (өсім 22,5%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,8 млрд теңгені құрады.
2022 жылдың екі айында БЖЗҚ салымшылары...