«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының операторы Samruk-Kazyna Construction отандық тауар өндірушілерді қолдауға міндеттелді. Бұл туралы компания ресми сайтында ақпарат жариялады.
«Құрылыс материалдарын, жиһаз бен жабдықтарды сатып алу кезінде қазақстандық өндірушілерге басымдық беріледі» делінген ақпаратта.
Компания мәліметінше, 17 шілдеде Ашық НҚА сайтында Үкіметтің №963 қаулысына енгізілген өзгерістерді талқылау аяқталды. Құжатқа шілде айының соңына дейін қол қойылады.
Осы құжатта көрсетілгендей, Ұлттық жоба аясында жаңа салынатын мектептерге арналған жиһаз «Самұрық-Қазына» қорының тізіліміне және Отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген компаниялардан ғана сатып алынатыны бекітілген.
«SK Construction отандық тауар өндірушілерді қолдауға міндеттелді. Елімізде баламасы бола тұра, шетелдік жиһаз сатып алынған жағдайда...