Сауда-саттық қорытындысы бойынша 14 шілдеде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,6%-ға (443,84 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 446,48 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылғы 7-14 шілде аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Мысалы, АҚШ Еңбек статистикасы бюросының деректері бойынша маусымда жылдық инфляция 3%-ға дейін баяулаған. Бұл 2021 жылғы наурыздан бергі ең баяу қарқын болып табылады. Осыған байланысты DXY АҚШ долларының индексі 2,3%-ға әлсіреп, бір жылдан астам уақыт ішінде ең төменгі деңгейге жетті. Инвесторлар АҚШ ФРЖ-дан пайыздық мөлшерлемені келесі отырыста 25 базистік тармаққа арттыруын күтуде. Бұл ретте маусымдық болжамдарға енгізілген...