Автокредиттеу қызметтері нарығын талдау Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді.
Агенттік дерегінше, жалпы, 2015 жылдан бастап жеңілдікті автокредиттеуді қаржыландыру бағдарламаларының бірқатар проблемалық аспектілері болды.
«Автокредиттеуді жеңілдетілген қаржыландырудың негізгі проблемасы автомобильдерге сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуіне байланысты. Сұраныстың артуына байланысты жеңілдікті бағдарламаларды тоқтата тұруға тура келді, себебі бөлінген қаражат таусылды», делінген есепте.
Осының салдарынан қарыз алушы револьверлік қаражаттың түсуін күтіп, банкте өтінімді қарауға ұзақ уақыт кезекте тұруға мәжбүр болды.
Бұл жағдай пандемия кезеңінде логистикалық маршруттардың ұзаруына, сондай-ақ елімізде құрастырылған автомобильдерді сатуды жүзеге асыратын автодилерлерд...