Фото: kursiv.media
Өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер түрінде 279 млрд теңге аударылған. Бұл жайлы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.
«Маусым айының соңында Ұлттық қордың валюталық активтерінің көлемі алдын ала деректерге сәйкес, өткен айда шамамен 600 млн АҚШ долларына ұлғайып, 59,8 млрд АҚШ долларын құрады. Әлемнің жетекші экономикалары орталық банктерінің риторикасы әлі де қатаң болып қалып отыр. Алайда дамыған елдердегі экономикалық белсенділіктің әлсіреуінің күтілгеніне қарамастан, макроэкономикалық көрсеткіштер орнықты болып қала береді және нарыққа қатысушылардың болжамдарынан асып түседі. Осының нәтижесінде маусымда акциялар нарығында өсу байқалды. Мәселен, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі маусым айында шамамен...