Президент осыдан бірер жыл бұрын елдегі ұлттық компанияларды таза пайдасының жартысын мемлекетке дивиденд ретінде беруге міндеттеген болатын. 13 шілде күні «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов брифинг өткізді. Соны пайдаланып, сауалымызды қойған едік. Бірақ оған дейін алдымен қордың қаржылық ахуалымен аз-кем таныстырып өтелік.
Биыл маусымның соңында «Самұрық-Қазына» басқарушы директоры Нәзира Нұрбаева 2022 жылдың қорытындысы бойынша қордың 1,9 трлн теңге таза табыс тапқанын мәлімдеді.
«2022 жылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы пандемия салдарын өткеріп, орнықты өсімді қалпына келтірді. Бұған компаниялардың маңызды өндірістік көрсеткіштерінің жақсаруы әсер етті. Бұл қордың қаржылық жағдайына позитивті ықпал етті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша қорға...