Фото: kursiv.media
Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннен не себепті Астанада интернет байланысына қатысты проблемалар болып тұратынын сұрады.
Бағдат Мусин бұған радиофобтар мен тұрғындардың өзін кінәлады.
Министрлік елордадағы мобильді интернет байланыстарына текесеріс жүргізген. Нәтижесінде байланыс үзілген 67 тұрғын үй кешені анықталған. Министдің айтуынша, бұл үйлерде радиофобтар тұрады, олар үйлерінің төбесінде базалық станцияларды орнатуға қарсы.
Әкімдік көмегімен бұл үйлердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 39 тұрғын үй кешені базалық станция орнатуға келіскен. Алайда, 28 тұрғын үй кешенінің тұрғындары базалық станциялар денсаулыққа зиян келтіреді деп қауіптенеді.