Фото: kursiv.media
Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы құлдырады. Ұлттық статистика бюро деректеріне сенсек, маусым айында бүкіл республика бойынша тұрғын үй құны 0,5 пайызға төмендеп, 486,9 мың теңгеге дейін арзандаған.
Жалпы бұл салада баға соңғы 4 айдың үшеуінде төмендеп келген. Тек мамыр айында ғана көрсеткіштер өзгермеді. Яғни, екінші кезектегі баспана ақпан айынан бері қымбаттаған жоқ. Қазір республика бойынша орташа есеппен алғанда пәтерлердің шаршы метрі жыл басындағыдан 2 пайызға арзан. Ал бір жыл бұрынғы көрсеткіштерден 1,9%-ға артық екен. Инфляция аясында осындай өзгерістердің болуын сарапшылар жақсы көрсеткіш санайды.
Сарапшылардың есебінше, маусым айында еліміздің 6 ірі қаласында қайта сату құны төмендеген...