Президент бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін қоғамда құндылықтар жүйесін жаңғыртып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастырудың мән-мағынасы зор. Бұл бағытта еңбекқорлық пен білімпаздықты, адал азаматқа тән қасиеттерді дәріптейтін масс-медиа өкілдері айрықша рөл атқарады», деді Перзидент
Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық диалог жүргізудің ашық алаңына айналғанын атап өтті. Мемлекет пен қоғамның өзара байланысын нығайтуға зор үлес қосып жүрген ел журналистері озық ой мен тың идеялардың таралуына дәнекер болып, азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді көтеріп жүргенін атап өтті.
Сондай-ақ оқиғаларды жан-жақты зерделеп, популизм мен...