Фото: kursiv.media
Евгений Пригожиннің қаруыл көтерілісіне қатысты тергеу амалдары әлі де тоқтаған жоқ. Бұл жайлы
«Коммерсант» хабарлады.
«Коммерсант» мәліметінше «Вагнер» жалдамалы әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожинге қатысты қарулы бүлік ұйымдастыру, яғни Қылмыстық кодекстің 279-бабы бойынша қозағлаған қылмыстық іс тоқтаған жоқ. Бұл істі қазіргі таңда Ресей ФСБ тергеу бөлімінің тергеушілері тексеріп жатыр.
Бұл іс 23 маусым күні қозғалды. Ал Пригожинге қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылатыны туралы Беларусь президенті Александр Лукашенконың келіссөздерінен кейін белгілі болды. Президенттің хатшысы Дмитрий Песков Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылатынын мәлімдеген болатын. Нәтижесінде «Вагнер» жасағы Мәскеуге жорығын тоқтатып, басып алған Дондағы Ростов қаласын босатып, дала...