Argus баға агенттігінің өкілдері «Argus Қазақстан мен Орталық Азияның мұнай-газ нарығы – 2023» атты V халықаралық конференциясында қазақстандық мұнай экспортының жаңа перспективалы бағыттарын атады.
Argus өкілінің айтуынша, биылғы жылы Қазақстанда мұнай өндіру 90,5 миллион тоннаға дейін өседі деп болжанып отыр. Сарапшы пікірінше бұл экспорттық ағынның 71 миллион тоннаға дейін көлемінің артуына себеп болады. Ал зауыттардың өңдеу көлемі бұрынғы деңгейде қалады.
«Ресей мұнайына қарсы санкциялар күшіне енгеннен кейін Қазақстан мен Ресейден келетін ағындар мен көлемдерді реттеу қажеттілігі туындады. Сонымен қатар, Қытай қазақстандық мұнайды сатып алуды айтарлықтай шектейді. Осының аясында қазақстандық экспорттаушылар балама бағыттарды белсенді түрде...