Үкімет отырысында Әлихан Смайылов жылыту маусымына дайныдық барысында әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдардың жұмысынан бірқатар кемшіліктер бар екеніне мән берді.
Айтуынша, жылу электр орталықтарындағы күрделі жөндеу жұмыстарын бастамаған, тіпті, оны келесі жылға қалдырған өңірлер бар.
«Мысалы, Атырау Жылу орталығында турбиналарды жөндеу жұмыстары басталған жоқ. Мерзімнің бұзылуы – 60 күнді құрап отыр. Рудный Жылу орталығында да осындай жағдай. 45 күннен бері жұмыс тоқтап тұр. Теміртау қаласының 1-ГРЭС-індегі қазандықты жөндеу жұмыстары жоспардан мүлдем алынып тасталған. Айта берсек, мұндай мысалдар көп. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Энергия объектілері иелерінің жауапкершілігін күшейту қажет. Олардың алдына қата...