Фото: Астана әкімдігінің баспасөз орталығы
Астанада жаңа ауыз су станциясының бірінші кезеңі іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
«Астанада жаңа ауыз су станциясының бірінші кезеңі іске қосылды. Бұл қалаға тәулігіне 35 мың текше метр су беруге мүмкіндік береді, осылайша қаладағы су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі», делінген хабарламада.
Станцияның құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталып, гидро сынақтар жүргізілген. Қазіргі таңда іске қосу-баптау жұмысы аяқталып, су дайындау жүйесіне тестілеу жүргізіліп жатыр. Ал жаздың соңында екінші кезеңі қосылады.
«Тамыз айында екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, бұл бірінші кезеңімен бірге есептегенде тәулігіне...