Фото: kursiv.media
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі қысқа мерзімді сұраныстың әлсіреуі мен жаһандық экономиканың баяулауына қатысты нарықтың алаңдауына Brent маркалы мұнай құнының 2023 жылға арналған болжамын төмендетті. Дегенмен, 2024 жылға арналған болжамы өзгеріссіз қалды.
Бұл ретте 2025-2026 және одан кейінгі жылдардағы мұнай бағасы сұраныстың бірте-бірте өсуімен қымбаттауы ықтимал. Бұл сұранысты ОПЕК+ елдері, Солтүстік Америка қанағаттандыратын болады.
Биыл мұнай бағасының төмендеуі «қысқа мерзімді сұраныстың әлсіреуін және жаһандық экономикалық өсудің баяулауы, әсіресе Азияға экспортын қайта бағыттаған Ресейден тұрақты мұнай жеткізілімінің жалғасуы туралы алаңдаудан туындады», – делінген агенттік баяндамасында.
Сауд Арабиясы мен басқа ОПЕК+ елдерінің өндірісті қысқарту жоспары спот бағасына...