Еуропалық тарап Өзбекстанға 2021-2024 жылдарға арналған 83 миллион еуро көлемінде мақсатты гранттар береді, сондай-ақ Арал теңізі аймағын дамыту бойынша Еуропа командасының бастамасы аясында қаржылық және техникалық ынтымақтастықты кеңейтеді.Бұл туралы gazeta.uz сайты хабарлады.
Ташкентте Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Шухрат Вафаев пен Еуропалық комиссия департаментінің басшысы Сара Риналдидің тең төрағалығымен Өзбекстан-ЕО ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің отырысы өтті, деп хабарлады Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселелер 2021-2027 жылдарға арналған жаңа бағдарлама циклі аясында Еуропалық комиссиямен қаржылық және техникалық ынтымақтастық перспективалары болды.
Тараптар ауыл шаруашылығын және «жасыл өсуді» қолдау, басқару және цифрландыру тиімділігін арттыру, оны...