Газ сатып алу туралы келісімшарт «Өзгастрейд» АҚ мен «Газпром экспорт» ЖШҚ арасында 2 жыл мерзімге жасалды. Бұл туралы Өзбекстан Энергетика министрлігінің телеграм арнасы жазады.
Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумы аясында Өзбекстанға Ресей газын жеткізуге келісімшартқа және республиканың газ тасымалдау жүйесін осы газды қабылдауға дайындау бойынша «Жол картасына» уағдаласты. Келісім-шартқа Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Мирзамахмудов пен «Газпром» ААҚ Басқарма төрағасы А. Миллер қол қойды.
«Келісімшарт толығымен коммерциялық шарттарда әзірленген және республиканың тұтынушыларының жылдан жылға өсіп келе жатқан табиғи газға, сондай-ақ күзгі-қысқы маусымға деген қажеттілігін ішінара қанағаттандыруға бағытталған шаралардың бірі. Келісім шеңберінде ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап...