Алматы қаласының шығыс жағында жалпы аумағы – 120 мың шаршы метрді, инвестиция көлемі $65 миллионды құрайтын екінші «Апорт» салынбақ. Бұл туралы баспасөз жиынында Aport Mall қожайындарының бірі, Eurasia RED бас директорының инвестиция және даму жөніндегі орынбасары Дмитрий РЕВИН мәлімдеді.
«Mall Aport East жобасының алғашқы құрылыс жұмыстары басталған. Кешеннің аумағы Aport жүйесінің екінші моллы Halyk Arena спорттық кешені мен Алматының халықаралық әуежайы аумағында салынбақ және мегаполис меймандарын бірінші қабылдайтын құрылым болмақ. Mall Aport East –тің ашылуы 2021 жылдың көктеміне жоспарланған», – деліген Eurasia RED компаниясы таратқан хабарламада.
Халықаралық Colliers International Kazakhstan консалтингтік агенттігімен Eurasia RED-тің бірлесе жүргізген...