Жан сақтау бөліміне түскен «Қазақмыс» ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Мініғұловқа ота жасалынды, қазір оның жағдайы қалыпты деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі.
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, кеуде тұсынан жарақат алған Мініғұлов корпорация қарамағындағы медициналық орталыққа жеткізілген. Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасап, қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр, пациенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.
Ауруханаға бас директормен бірге оның әріптесі жеткізілген. Ол жеңіл-желпі жарақат алған, пышақ жүзі терісін тіліп өткен. Оның да жағдайы қалыпты.
Бұған дейін ақпарат құралдарында «Қазақмыс» ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амагелді Мініғұловқа шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тараған еді.
А.Мініғұлов пен кәсіпорынның дамыту жөніндегі директоры С.Тембаевқа «Кәсіп...