Биыл жыл басынан 1 мамырға дейін қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 1 трлн теңгеге немесе 6,9% өсті. Өсім жарналар мен инвестициялық табыс түріндегі табыстардан зейнетақы төлемдері түріндегі шығынды алып тастағандағы таза сома. Бұл туралы ranking.kz сарапшылары жазады.
2023 жылдың төрт айында зейнетақы жарналарының сомасы өткен жылмен салыстырғанда 663,42 млрд теңге — 27% немесе 139,88 млрд теңгеге артық.
Биылғы жылдың төрт айында Ұлттық банктің басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы 481,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы уақытындағыдан 3,5 есе артық.
Жалпы, Ұлттық банктің 2014 жылдан бері берген таза инвестициялық табысы 7,4 трлн теңге. Зейнетақы жинақтарының құрылымындағы жинақталған таза табысты...